Жарияланған күні: 08.02.2023 21:58
Өзгертілген күні: 08.02.2023 22:00

 Мемлекеттік кірістер департаменті Instagram әлеуметтік желісінде

 «САЛЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕРІ БАЙЛАНЫС» АЙДАРЫН ашқанына қуантқымыз келеді.

 

   Мұнда сіз салық және кеден мәселелері бойынша ақпарат ала аласыз.

 

Егер ақпараттық жүйелермен өзара әрекеттесу кезінде қандай да бір проблемалар туындаса немесе тез шешілуі қажет басқа да мәселелер болса, онда сіз кері байланыс үшін байланыс деректерін (БСН/ЖСН, ЗТ немесе ЖК орналасқан жері (тұрғылықты жері)), e-mail көрсете отырып, осы айдарға жүгіне аласыз.

 

  Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы" ресми интернет-ресурсында (бұдан әрі - МО ИРБП) "СҰРАҚ-ЖАУАП" сервисі (Онлайн – қабылдау) жұмыс істейді.

 

     Сайтқа https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko?lang=ru сілтемесі бойынша кіреміз.

     Сұрақ қою үшін аты-жөніңізді, телефон нөміріңізді, e-mail-ді көрсетіңіз, содан кейін сұрақ санатын таңдап, сұрақтың мәнін нақты көрсетіңіз.

 Жіберер алдында көрсетілген деректердің дұрыстығын қайта тексеріңіз.             Сұрақ модератор тексергеннен кейін тіркеледі және жауап осы жерде жарияланады. Бұл ретте Сіз көрсеткен e-mail-ге хабарлама келіп түседі.

 

 

Ескерту: жалпы қабылданған мораль, этика және мораль нормаларына қайшы келетін мазмұнды, түсініктемелерді пайдаланбау.