Жарияланған күні: 16.02.2023 22:37
Өзгертілген күні: 16.02.2023 22:38

Салық мониторингі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын айқындау, трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және қолданылатын нарықтық бағалардың сақталуын бақылау мақсатында олардың Қаржы-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады.

Салық мониторингі мыналардан тұрады:

1) ірі салық төлеушілердің мониторингі;

2) көлденең мониторинг.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 130-бабында көзделген шарттарға бір мезгілде сәйкес келген кезде, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 241-бабында көзделген түзетулерді ескермей, ең көп жылдық жиынтық табысы бар Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер ірі салық төлеушілердің мониторингіне жатады.

Солтүстік Қазақстан облысында ірі салық төлеушілердің мониторингінде 2 ірі кәсіпорын бар.

Көлденең мониторинг көлденең мониторинг туралы келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізіледі және оны ұзарту мүмкіндігімен үш жыл бойы қолданылады. Бұл ретте көлденең мониторинг туралы келісімді жасасу және бұзу тәртібін, сондай-ақ көлденең мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілердің санаттарын уәкілетті орган белгілейді.

Көлденең мониторинг туралы келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап көлденең мониторингке жататын салық төлеушілер ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілер болып табылмайды.

Көлденең мониторинг салық органы мен салық төлеуші арасындағы кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл жолымен, оның ішінде салық органының лауазымды адамдарына бухгалтерлік және салықтық есепке алудың ақпараттық жүйелеріне және салық төлеушінің орналасқан жері бойынша есепке алу құжаттамасына қол жеткізуді көздейтін жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте көлденең мониторинг жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.