Жарияланған күні: 14.12.2018 15:44
Өзгертілген күні: 14.12.2018 16:40

2018 ж. 12.12. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің ішкі қауіпсіздік Басқармасы (әрі қарай - СҚО б МКД ІҚБ) Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасының (әрі қарай - Пқ б МКБ) қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, және де салық заңнамасындағы 2019 жылдың 1 қаңтарынан басталатын өзгерістер, соның ішінде ЖҚС бойынша, электрондық шот-фактуралары, ФЖ бар БКМ қолдану тәртібі туралы салық төлеушілермен семинар өткізді.

            Мемлекеттік кірістер органдарының мамандары салық төлеушілерге бопсалау, лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану, мемлекеттік қызметкерлердің Этикалық Кодексінің нормаларын бұзу, және де  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті ммандары тараптарынан басқа да заң бұзушылық фактілері болған кезде, салық төлеушілер ол туралы хабарламаны немесе материалды «Сенім телефонына» «WhatsApp» мобилдік қосымшасы арқылы жібере алатынын жеткізді.

            8 - (715 - 2) – 46 – 02 – 31

            8 – 707 – 7 – 46 – 02 – 31  («WhatsApp» мобилдік қосымшасы).

            Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасының құқықтық жұмыстар және салық заңнамасын түсіндіру бөлімі басшысының м.а. Л.М. Абилева салық заңнамасындағы 2019 жылдың 1 қаңтарынан басталатын өзгерістер туралы жеткізді.

            Осылайша, 2019 жылғы 01.01. бастап қызметкердің табысын айқындау кезінде 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы (бұдан әрі 25 АЕК), салық салынатын қызметкердің табысына түзету қолдану - осындай табыстың 90 проценті мөлшерінде.

            Электрондық шот-фактура жазу бойынша - ҚР "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің 412-бабының 1-тармағына сәйкес, осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беруге міндетті:

  1. осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер;
  2. салық төлеушілер, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған ҚР нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда;
  3. осы Кодекстің 416-бабында белгіленген жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;
  4.  осы Кодекстің 415-бабында белгіленген жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор;
  5. импортталған тауарларды өткізген жағдайдағы салық төлеушілер.

Барлық ҚҚС төлеушілерде электронды түрде шот-фактура жазу бойынша міндет 01.01.2019 жылдан бастап туындайды.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін Салық кодексінің                     412-бабы 1-тармағы 5)-тармақшасының редакциясына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер шот-фактура жазып беруге міндетті.

Сонымен бірге, Салық кодексінің 412-бабы 13-тармағына сәйкес шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда:

1) есеп айырысулары:

сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;

төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген;

2) есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген;

3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы жүзеге асырылған;

4) теміржол немесе әуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;

5) тауар дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;

6) Салық кодекстің 397-бабында көзделген қызметтер (қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар бойынша) көрсетілген жағдайларда талап етілмейді.

Сондай-ақ, салық төлеушілер 2020 жылдан бастап жалпылама декларациялауды енгізу бойынша, ФЖбБКМ қолдану бойынша, электрондық сауда артықшылығы, жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу салық міндеттемесін орындау бойынша хабардар етілді.

Петропавл қ.бойынша МКБ-да әр апта сайын сәрсенбі күні жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға заңнамаға енгізілген өзгерістер жайында түсіндіру, салық міндеттемелерін орындау және салық заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу бойынша семинарлар өткізіледі. 

Ағымдағы жылдың басынан бастап салық төлеушілермен 46 семинар өткізілді, 700-ден астам салық төлеушілер қатысты.

Салық төлеушілердің барлық сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің ішкі қауіпсіздік Басқармасы

Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы