Жарияланған күні: 23.09.2016 09:51
Өзгертілген күні: 23.09.2016 09:54

ПРЕСС-РЕЛИЗ

       Салық мәдениетін және салық төлеушілердің ақпараттануын  арттыру үшін ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде алғашқы ардагерлер ұйымдары өкілдерінің  қатысуымен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестіктің Петропавл қалалық филиалында мүлік, жер және көлік құралдарына салық салуды түсіндіру бойынша   семинар-кеңес өткізілді.     

        Семинарды «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестіктің Петропавл қалалық филиалының төрайымы С.К.Тасеменова  ашты.

      Бұдан әрі салық салу мәселелері бойынша Петропавл қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Ж.К.Күлікова баяндама жасады.      

Салық төлеуші салық міндеттемесін уақытылы және толық көлемде орындауға міндетті екенін, өз баяндамасында атап өтті.  

      Жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын салу объектілері  олардың меншік құқығына жататынкелесі объектілер болып табылады:  

- Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар мен өзге құрылыстар, үй-жайлар, жер учаскелері

                Мысалы есептелген  мүлік салығын және мүлік салығы бойынша қолданған жеңілдіктерді қарадым.  

 Салық салу объектісі салық базасы 3 500 000 теңгені құрайтын, жеке тұратын зейнеткердің меншік құқығындағы пәтер болып табылады.    Салық кодексінің 406 бабына келісілген жеке тұратын зейнеткерлер  1000 есе айлық есеп көрсеткішінің мөлшер шегінде салық төлеушілері болып табылмайды.   Яғни  жеке тұратын зейнеткер 2 121 000 теңге шегінде мүлік салығын төлемейді, ал қалған   1 379 000 теңге сомасына 0,05 %   ставкасы бойынша мүлік салығына есептеу жүргізеді және мүлік  салығы 689 теңге  құрды.

      Сондай-ақ  маманмен жер салығы мен көлік құралына салық бойынша түсініктеме берілді.  

 Бұдан басқа, есептелген  мүлік және жер салығы сомалары туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар, сонымен   қатарсалықты төлеу үшін түбіртектерді басып шығару  «жеке тұлғалар үшін мүлік және жер салығы сомаларын біл» бөлімінде   nalog.integro.kz сайтында іске асырылғаны атап өтілді.

       Сондай-ақ Мир к. 85 1 қабатында  Петропавл қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында   Терминал орнатылған.         

      Терминалдың көмегімен  мүлік, жер салығы мен көлік құралының салығының есептелген сомасына  білуге  және басып шығаруға болады.

 Кез-келген қолданушыға терминал түсінікті, аз уақытты алады. Өтінім енгізу немесе қосымша мәліметтер қажет емес.

Төлем барлық  екінші дейгейлік   банктарда немесе «Қазпочта» АҚ жүргізіледі. 

 Баяндама соңында басқарма маманы  салық салу бойынша қызықтырған сұрақтарға  жауап берді.