Жарияланған күні: 25.09.2017 18:27
Өзгертілген күні: 25.09.2017 18:27

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті  хабарлайды, Салық кодексінің 644 бабы 18 тармағы бойынша ақшалай есеп айырысулар – тауар сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар.

  2014 жылғы 1 шілдеден бастап ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлердегіні қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына  сәйкес бюджетпен есеп айырысудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын орындарда төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті

2016 жылғы 1 қантардан бастап ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын және қызметін астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар осындай жабдықтарды (құрылғыларды) орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға міндетті.

 Қолма-қол ақшаны қолданбай, ақшалық есептесуде қызмет көрсету, жұмысты орындау, сауда операцилары барысында  жеке кәсіпкерлерге  және заңды тұлғаларға POS –терминалды орнату қарастырылмаған. 

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы  Жекелеген қызмет түрлерінің  тізбесі 21 қазандағы № 604 жекелеген қызмет түрлерінің тізбесі

  

 

1

Автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

2

Көтерме және бөлшек сауда

3

Қонақүйлердің қызмет көрсетуі

4

Мейрамхана қызметтерін көрсету, тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері мен сусындар беру

5

Әуе және теміржол көлігіне жол жүру құжаттарын (билеттерді), багаж және жүк-багаж түбіртектерін сату

6

Жүктерді көліктік өңдеу, қоймаға жинау мен сақтау жөнінде қызмет көрсету, тасымалдау жөніндегі қосымша көрсетілетін қызметтер мен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер

7

Туризм саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын туристік операторлардың және өзге де ұйымдардың қызметі (туристік агенттерден басқа)

8

Сақтандыру саласындағы қызмет

9

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

10

Білім беру саласындағы қызмет

11

Кинофильмдерді, бейне және телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет, кинофильмдерді көрсету

12

Фитнес, спорттық клубтар, дискотекалар қызметі

13

Құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет

14

Боулинг (кегельбан) және бильярд бойынша қызмет көрсету

       Назар аударамыз, көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнату мен қолдануды қамтамасыз ету, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып қабылдау өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің, өзі өндірген акваөсіру (балық аулау) өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы саласында кызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және (немесе) заңды тұлғаларға; стационарлық емес сауда объектілері арқылы жүзеге асырылатын қызметке қолданылмайды.