Жарияланған күні: 15.03.2024 16:40
Өзгертілген күні: 15.03.2024 16:43

«Сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 73 бұйрығына сәйкес 2024 жылғы  15 ақпаннан бастап сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі іске қосылған пилоттық жоба (пилоттық жоба).

 

Пилоттық жобаның мақсаты:

сыра қайнату өнімдерінің түпнұсқалығын растауды;

Қазақстан Республикасының аумағына сыра қайнату өнімін заңсыз әкелуге, өндіруге және оның айналымына қарсы іс-қимылды;

сыра қайнату өнімінің айналымы мен өндірісінің заңнамада көзделмеген схемаларын пайдалануды болдырмау мақсатында ТАҚ өзара іс-қимылын;

сәйкестендіру құралдарымен таңбаланған сыра қайнату өнімдерінің айналымын есепке алу рәсімдерін стандарттауды және біріздендіруді қамтамасыз ету үшін сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау тетіктерінің толықтығын, тиімділігін, нәтижелігін және жеткіліктілігін сәйкестендіру құралдарымен сынақтан өткізу болып табылады

Мемлекеттік кірістер комитеті өндірушілерді, импорттаушыларды, көтерме және бөлшек саудагерлерді пилоттық жобаға белсенді қатысуға шақырады.