Жарияланған күні: 16.01.2019 17:58
Өзгертілген күні: 16.01.2019 17:59

Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы барлық салық төлеушілердің назарына 2019 жыл ішінде тоқсан сайынғы негізде онлайн-БКМ кезең-кезеңмен көшу қарастырылғанын хабарлайды:

             2019 жылғы 1 сәуірден бастап-323 қызмет түрі (қосымша № 2);

             2019 жылғы 1 шілдеден бастап-86 қызмет түрі (№3 қосымша);

             2019 жылғы 1 қазаннан бастап-224 қызмет түрі (№4 қосымша).

              Осы өзгерістер, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 1029 бұйрығымен енгізілген.»

             2019 жылдың 1 қаңтарына дейін деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану міндеті Кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға жүктелгенің еске саламыз.(№1 қосымша).