Жарияланған күні: 13.04.2015 18:14
Өзгертілген күні: 13.04.2015 18:16

 

  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлері СҚО ІІД ҰҚКБ-мен бірлесіп жасырын казиноның әрекетін тоқтатты.

Заңсыз ойын мекемесі Петропавл қ. орналасқан автожуудың 2 қабатында жайғасқан.

 Келушілер әкімшілікпен алдын–ала хабарласып,  казиноға  бөлек кіру есігімен өткен.

     Жасырын казиноны ликвидациялау операциясына «Арлан» арнайы тағайындалған жасағы қатысты.

     Қолданылған шаралармен орнында 10 ойыншы, 2 крупье, 1 даяшы, 1 күзетші және жасырын мекеменің әкімшілігі ұсталды. Құқық бұзушылық орнында 2 покер үстелі, бірнеше жүз фишкалар, шамамен 10 ойын карталар діңгегі, жазбалар, ақшалай қаражат және бейнерегистратор алынды. Объектіге кіру қатаң түрде қоңырау шалумен жүргізілді: тек қана тұрақты клиенттерді немесе олардан ұсыныс бар тұлғаларды ғана кіргізген.     

     Берілген факт ҚР ҚК 307 б. 1 б. көзделген «заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» қылмыс құрамы белгілері бойынша Сотқа дейінгі тергеудің ортақ тізілімдемесінде тіркелген.

     Сотқа дейінгі өндіріс аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

     Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.