Жарияланған күні: 13.05.2015 18:14
Өзгертілген күні: 13.05.2015 18:18

 

8 Ұлы Отын соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өту қарсаңында 2015 жылғы 8 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің акті залында салтанатты жиналыс өтті. ҰОС қатысушысы- Мұхамеджанов Сұлтан Мұхамежданұлы,тыл еңбеккерлері- Завгородняя Мария Ефимовна  және Букатин Борис Викторович  мерекелік іс-шараға шақырылды. 

 Департамент қызметкерлері  минуттік үнсіздікпен соғыс жылдарында қаза тапқандарды  еске алды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Төлеген Дәстемұлы Қабдөшев қызметкерлер мен қонақтарды «Жеңіс күні» мерекесімен құттықтады.   ҰОС қатысушысы С.М. Мұхамеджанов соғыстың ауыр күндері туралы айтты.  

Барлық қонақтарға  департамент атынан  алғыс хаттар мен құнды сыйлықтар берілді.   

Және де мерекелік іс шараның соңында, департамент қызметкерлері мен қонақтар үшін облыстық филармонияның әртістері концерттік нөмірлер ұсынды.