Жарияланған күні: 18.03.2015 12:38
Өзгертілген күні: 18.03.2015 12:41

 

«Солтүстік Қазақстан облысының  үздік салық төлеушілері анықталды» 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2015 жылғы 5 наурызда 2013жылдың қорытындысы бойынша  облыстың сыртқы экономикалық қызметтің Үздік қатысушысын және Үздік салық төлеушілерін құрметтеу бойынша салтанатты іс-шара өткізілді.  

Конкурс жеңімпаздарын  департамент басшысы Данияр Еренғалиұлы Жанәлінов  құттықтады.  

Облыстың үздік салық төлеушілерін анықтау бойынша акцияны өткізу мақсаты салық төлеушілер мен фискальді органдардың арасында өзара қатынастардың деңгейін арттыру, елде кәсіпкерлікті дамыту үшун жағдайларды жасау, сондай-ақ салық төлеушілердің жұмысы үшін  моральді ынталандыруды құру болып табылады.  

Осы акцияны жүргізу аясында әр ауданда және Петропавл қ. салық төлеушілердің 29 мыңынан аса жалпы санынан «2013жылдың үздік салық төлеушісі» атағына 148 лауреат  іріктеліп алынды.  

«Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы (СЭҚ)» және «Үздік салық төлеуші» атақтарына кәсіпорындар және кәсіпкерлер-талапкерін  анықтау бойынша жұмыстар қорытындысын жүргізгенде салық төлеушілердің қаржы-экономикалық қызметінің келесі көрсеткіштері қолданылды: 

-салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, алымдардың толық және уақытылы төленуі; 

-салық есептілігін уақытылы ұсыну; 

-салықтық құқық бұзушылықтардың жоғы;  

-салықтық жүктеменің деңгейі; 

- аймақтың бюджетке қатысуы; 

Салық салудың әр түрлері  және экономика салалары  ауыл шаруашылық, құрылыс, көлік қызметі, сауда, халық тұтынатын тауарлар өндірісі, әлеуметтік қызметтер, жер қойнауын пайдалану,сыртқы экономикалық қызмет және басқалары бойынша номинанттарды іріктеу жүргізілді. 

Облыстық деңгейде бұдан әрі жүргізілген іріктеу нәтижелері бойынша 2013жылға ең жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген, 20 салық төлеуші «Солтүстік Қазақстан облысының үздік салық төлеушісі»  және 1 салық төлеуші «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» атақтарына ие болды. 

Әр номинация торғысында жеңімпаздар болды:

1.            «Өндіріс-патент негізінде арнаулы салық режимі» номинациясында жеке кәсіпкер   Давлетшина Валентина Петровна;

2.            « Қызмет-патент негізінде арнаулы салық режимі» номинациясында жеке кәсіпкер   Парафейник Иван Васильевич;

3.            «Сауда -патент негізінде арнаулы салық режимі» номинациясында жеке кәсіпкер  Шәріпова Балзейнеп Сағындыққызы;

4.            «Өндіріс-жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимі» номинациясында жеке кәсіпкер   Оралұлы Сермұхамет;     

5.            «Қызметтер-жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимі» номинациясында жеке кәсіпкер    Верновский Иван Рейнгольдович;

6.            «Сауда-жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимі» номинациясында жеке кәсіпкер    Кухаренко Вадим Валерьевич

7.            «Құрылыс-жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимі» номинациясында жеке кәсіпкер     «ПромТехСтандарт» ЖШС;

8.            «Шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимі» номинациясында     "Астамиров"  ФҚ  Астамиров Әли  Омарұлы;

9.            «Селолық тұтынушы кооперативтері және  аква шаруашылығы (балық шаруашылығы), ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші-заңды тұлғалар үшін арнаулы салық режимі» номинациясында    -  "Ильинское"  ЖШС

10.       «Өндіріс- жалпы тағайындалған салық салу режимі» номинациясында   «Ғасыр – Айыртау» ЖШС;

11.       «Көлік және байланыс- жалпы тағайындалған салық салу режимі» номинациясында  жеке кәсіпкер    Коркин Евгений Владимирович;

12.       «Қызметтер-жалпы тағайындалған салық салу режимі» номинациясында-  «Айыртауский элеватор» ЖШС;

13.       «Сауда-жалпы тағайындалған салық салу режимі» номинациясында     «Эталон-запчасть» ЖШС;

14.       «Құрылыс-жалпы тағайындалған салық салу режимі» номинациясында    "ТДМ СеверСпецСвязь" ЖШС;

 

15.       «Әлеуметтік салада қызметті іске асыратын, ұйым» номинациясында-Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық перинаталдық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналды мемлекеттік кәсіпорын;

16.       «Тіркелген салық» номинациясында – жеке кәсіпкер Мұсабаева Сәуле Қырғызқызы;

17.       «Акциздер» номинациясында-  "Корпорация СК Ойл" ЖШС;

18.       «Жер қойнауын пайдаланушы»  номинациясында "Кзыласкерское" ЖШС;

19.        «Шетел компаниясы» номинациясында-"Компания ТрансТелеКом Регион Петропавловск" ЖАҚ филиалы;

20.       «Жеке тұлғалар- жеке кәіспкерлер емес» номинациясында   - Жаудина Жанна Игібайқызы;

21.       «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы (СЭҚ)» номинациясында   "Султан-элеватор-мельнично-макаронный комплекс" АҚ.