Жарияланған күні: 09.04.2015 17:38
Өзгертілген күні: 09.04.2015 18:07

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде   салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларымен 8-9 сәуірде семинар өткізілді.

01.01.2015ж. бастап қосылған құн салығына  қатысты  салық заңнамасында болған өзгерістермен семинар қатысушылары таныстырылды. 

Сондай-ақ  салық төлеушілердің назарына Кедендік одақ кеден шекарасы арқылы ауыстыруға жататын болжамды, тауарлар туралы алдын-ала ақпаратты ұсыну бойынша талаптар, «Кедендік тазалау және тауарларды шығару» мемлекеттік қызмет тәртібі ұсынылған. Қатысушылар семинар соңында,  мүлікті заңдастыру туралы ақпаратпен таныстырылды.  

Талқыланған тақырыптар бойынша берілген сұрақтарға, жан-жақты жауаптар алынды.  Өткізілген семинарды қорытындылай келе, департамент қызметкерлері белсенді қатысқандары үшін семинарға қатысушыларға алғыс айтты.