Жарияланған күні: 27.03.2015 09:22
Өзгертілген күні: 27.03.2015 09:23

 

Наурыз мейрамы шығыс күнтізбесі бойынша – жаңа жылдың басы, көктемнің жаңару мерекесі күн мен түннің теңелуіне сәйкес келеді. Қазақстан халқы үшін махаббат шаттығының, татулықтың және шұрайлылықтың символы болып табылады.

 Мемлекеттік мереке қарсаңында халықаралық бірліктің белгісі, халқымыздың салт-дәстүріне  құрмет көрсету ретінде Мемлекеттік кірістер департаменті «Наурыз мейрамы» мерекелік конкурсты өткізу ұйымдастырылды.

Департамент қызметкерлері конкурс аясында Қазақстан халқының тарихын және мәдениетін білу білімдерімен жарысты, және әділ қазыларға өз қолдарымен жасалған тағамдары және әр ұлттың сусындары дайындалды, соның ішінде басты салттық тағам наурыз-көже болды, сонымен қатар өз шығармашылықтарын да ортаға салды.   

Әр үстелге Департамент басшысы Д.Е. Жанәлінов «Бата» берді,- амандық-саулық, игілік, бақ-береке тілектері айтылды.
Іс-шара қортындысында жүлделі орынға ие болған командаға ақшалай сыйақы тапсырылды.