Жарияланған күні: 11.06.2015 10:30
Өзгертілген күні: 19.01.2016 10:19

 

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және басқармасымен мамыр айына «Чекті суретке түсір-тосын сый ұтып ал!»акциясының купондар ұтысы  өткізілді.  

  Акцияға қатысушы  7-777-294-75-99 нөмірінен бақылау-кассалық машинаның чегін жіберген,  Петропавл қ. тұрғыны Айтжан Резаханқызы Тажғалиева «ПЛАНШЕТНЫЙ ПК SAMSUNG GALAXY TAB S 8.4 LTE 16GB» құнды сыйдың иесі атанды, сондай-ақ СҚО бойынша МКД Құрмет грамотасымен мараптталды.    

1 мамырдан бастап 31 мамыр бойынша смартфон арқылы 332 чек жолданған.Салық кодексінің 679 бабы 3 тармағының талаптарына сәйкес акциядағы ұтысқа 323 чек қабылданды. 

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес емес, акцияға қатысуға 9 чек қабылданбады, атап айтқанда: 

- чекте салық төлеушінің атауы көрінбеген; 

- чекте сатып алынған тауардың сомасы көрінбеген; 

- сурет дұрыс шығарылмаған, экран қараңғы; 

- белгіленбеген үлгідегі чек.  

 

Акцияны өткізу кезеңі  2015 жылдың 1 мамырынан бастап 30 қараша бойынша, Петропавл қаласының аумағында берілген, бақылау-кассалық машиналардың чектері қатысады, купондар ұтысы ай сайын.  

Акцияға қатысу үшін    www.kkm.integro.kz   сайт не   play market  арқылы   арқылы мобильді   қосымшаны түсіру қажет.

           Осы қосымша қатысушыларға смартфонның көмегімен чекті суретке түсіріп алуға  және Мемлекеттік кірістер департаментіне жолдауға мүмкіндік береді.