Жарияланған күні: 08.09.2015 09:05
Өзгертілген күні: 08.09.2015 09:06

 

Жұмысты жалғастыру қажеттігі туралы  ел басы Н.Ә. Назарбаев «НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚТЫҢ ЖОЛЫ» жолдауында атап өткен.  Сондықтан, мемлекеттік органдардың алдында тұрған міндеттердің бірі болып, бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.  

Әлбетте, кеден ісі саласында мемкелеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін, тауарды кедендік тазарту уақытын қысқарту бойынша, кедендік ресімдеуге қажетті құжаттардың санын қысқарту бойынша жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта -  электронды декларациялауды енгізу және   жаңа  ақпараттық  технологияның базасында прогрессивті әдістерді қолдану жоспарланған. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қызметін тексеру кезінде біріктірілген тәсілді-салық және кеден қызметтерінің мәліметтерін біріктіруді қолдану мемлекеттік кірістер органдарының жаңашылдығы болды.  Кедендік ресімдеуді жүзеге асыру тәсілі түбегейлі өзгерді-егер бұрын мемлекеттік тұрғыдан мәжбүрлеу кедендік бақылау нысанында жүзеге асырылса, қазір ол сыртқы сауда мәмілесіне қатысушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет болып табылады.    

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымында үш кеден бекеті және  СЭҚ қатысушыларына облыс орталығынан шалғай аудандарда кедендік ресімдеуді жүргізуге мүмкіндік беретін кедендік операцияларды жүзеге асыратын төрт орын жұмыс жасайды.  

Қаланың өнеркәсіптік аумағында орналасқан «Петропавл-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті, облыстағы ең үлкен және әмбебаптық мамандандырылған жалғыз кеден бекеті.

 Солтүстік Қазақстан дәнді дақылдар мен олардың қайта өңделген өнімдерін шетелге экспорттау жағынан, ал импорт жағынан ауылшаруашылық техника мен  қайта өндіру және тамақ өндірісіне арналған жабдықтары басым еліміздің ауылшаруашылық аумағы болып табылады, облысымыздың кәсіпкерлері үшін бір әмбебап кеден бекетінің болуы, облыс орталығында өз қызметінде аграрлық бағытты әртараптандырып, кез келген тауарды кедендік тазартудан өткізуге мүмкіндік береді. 

 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында облысымыздың үшінші елдермен сыртқы сауда айналымы 210,8 миллион АҚШ долларын, сол сияқты, экспорт – 167,0 миллион АҚШ долларын, импорт - 43,8 млн. АҚШ долларын  құрады.  Кедендік төлемдер мен салықтар желісі бойынша бірінші жартыжылдықта болжамды тапсырма 20.7% орындалды. 180 миллион теңгеден астам қосымша түсті. 

2015 жылдың аяғына дейін болжамды тапсырма толық көлемде орындалады деп күтілуде, екінші жартыжылдықта кедендік төлемдер мен салықтардың 700 миллион теңге деңгейінде түсуі болжанған.

«Петропавл-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің мемлекеттік қызмет көрсетуі туралы айта кетсек, әрине, «қағаз жүзіндегі Кедендік декларациялау» кеңінен тараған.

Тауарларды кедендік ресімдеу мерзімін анықтауда, кедендік тазартуға арналған қажетті құжаттардың санын азайтуға, нақты стандарттарды бекітуді айқындайтын тәсілдерде нормативтік өзерістер бар. «Тауарларды кедендік тазарту және шығару» мемлекеттік қызметін көрсету сапасына әсер ететін маңызды фактор болып, әлбетте, тауарларды кедендік ресімдеудің ұзақтығы болып табылады.  2015 жылғы 6 айдың нәтижесі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тауарларды кедендік ресімдеудің ұзақтығынан республика бойынша бірден бір ең жақсы көрсеткішке ие:

         - экспорт кедендік процедура бойынша  - 25 минут;

- импорт кедендік процедура бойынша – 3 сағат 35 минут.

СЭҚ қатысушаларға қолайлы болу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.  Кеден бекеттерінің қаланың орталық көшелерінен алшақ, көліктік-логистикалық орталықтарда орналастырылуы- КЛО құрылысы концепциясының, үкімет бұрын қолдаған міндетті түрдегі талаптарының бірі екенін айта кеткен жөн.

 Бізде барлық қажетті инфрақұрылым бар- уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, кедендік тазартудан өткен тауарларды сақтауға арналған коммерциялық қоймалар жақын аралықта орналасқан. Теміржол және автомобиль көліктерімен келетін жүктерді терминалды өңдеу жүргізіледі. Қажет болған жағдайда оларды бір көліктен екінші көлікке ауыстыруға болады.

Әкімшілік ғимаратта кеден декларацияларының электрондық көшірмелерін құру бойынша қызмет көрсететін, кеден өкілдерінің алты компаниясы жұмыс жасайды. СЭҚ қатысушылары таныса алатындай қажетті ақпараттары бар, ақпараттық стендтер орнатылған.