Жарияланған күні: 27.02.2015 19:18
Өзгертілген күні: 02.03.2015 14:58

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

27.02.2015ж.

Баспасөз релизі

 

Ағымдағы жылғы 26 ақпанда Дәулет Еділұлы Ерғожиннің және шақырылған қонақтардың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Алқаның тақырыбы Мемлекет Басшысының Жолдауында аталған «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясаты аясында 2014 жылдың қорытындысы мен 2015 жылға арналған міндеттерге арналды.

Мәселен, 2014 жыл ішінде Ұлттық қорға және мемлекеттік бюджетке МКК құзыреті шегінде 8,63 трлн. теңге келіп түсті, яғни 2013 жылмен салыстырғанда 5,1 % артық.

 Алқа барысында бизнестің қиын жағдайында оның мүддесін қорғау, оның дамуы үшін кедергілерден тазарту, жосықсыз бәсекелестікті, жалған өнімді өндіру мен оның заңсыз айналымын жүзеге асыратын алаяқтарды, жалған кәсіпкерлерді жою қажеттілігі айтылды.

Мәселен, алкогольді өнімдердің заңсыз айналымы, акцизді және есептік-бақылау маркілерін қолдан жасау және  пайдалану фактілері бойынша 2014 жылы 8 қылмыстық іс қозғалды, айналымнан 92 мың жалған ЕБМ,  шығарылуы белгісіз 7 мың литр спирт, 94 мың бөтелке қолдан жасалған арақ алынды.

2014 жыл ішінде бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау бойынша елеулі жұмыстар атқарылды.

Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін дара кәсіпкерлерді тіркеу есебінен алу үшін ұсынылатын құжаттардың саны қысқартылды; Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы бөлек салықтық арыздар мен салықтық есептілік нысандарын ұсыну мүмкіндігі жасалды; қызмет көрсетуді электрондық форматқа көшіру жүргізілуде (кедендік декларацияны салық төлеушілер кабинеті арқылы ұсыну мүмкіндігі іске асырылды); жаңа он-лайн сервистері әзірленуде (СЭҚ ТН кодын анықтау бойынша анықтамалық ақпаратты алу мүмкіндігі іске асырылды) және басқа шаралар.

2015 жылға қойылған барлық міндеттер Нұрлы Жолда айтылған мақсаттарды тиімді іске асыруға бағытталды.

 

ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі