Жарияланған күні: 19.06.2019 18:57
Өзгертілген күні: 21.06.2019 15:22

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылғы 14 маусымда "ПГТК" КЕОҰ ОАОО  түлектерімен мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша "галстуксіз" форматында кездесу өткізді. Онда мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, "Мемлекеттік қызметші" ұғымының ашылуы, сондай - ақ мемлекеттік қызметші мәртебесінің оң жақтары түсіндірілді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің барлық салаларына зиянды әсері, сыбайлас жемқорлық тудыратын жағымсыз салдарлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру процесі, қоғамдық санаға "пара бермеу және алмау" қағидатын енгізу туралы тақырып талқыланды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері, мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсету немесе мемлекеттік органдар немесе квазимемлекеттік сектор мекемелері тарапынан әкімшілік кедергілер туралы хабарлау үшін қолданыстағы бірыңғай call-center 1424 туралы айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша бітіруші-студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.