Жарияланған күні: 08.08.2017 16:06
Өзгертілген күні: 08.08.2017 16:07

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік бақылау басқармасы үшінші елдерден әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және мемлекеттік есепке қоюға жиналып жатқан азаматтар үшін пайдасы бар ақпаратты назарларына ұсынады.  

2017 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі мәтін бойынша ҚР ҚМ ММК) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетімен (бұдан әрі мәтін бойынша ҚР ІІМ ӘПК) ақпараттық өзара іс-әрекет ету ережелері бекітілген.

Шетелден бір болсын автокөлік сатып алғандардың барлығы біледі, бұл екі мемлекеттік органдардың арасындағы өзара іс-әрекеті автомашинаны мемлекеттік есепке қою кезінде болатынын - бұл сәтте автокөліктің кедендік тазартудан өтуі тексеріледі.

Бекітілген ережелерге сәйкес ҚР ҚМ МКК күн сайын ҚР ІІМ ӘПК өткен тәулікте Қазақстан Республикасы аумағында кедендік кіріс ордерімен және тауарлар декларациялары бойынша кедендік тазартуды өткен көлік құралдарының әртүрлі санаттары туралы мәліметтер ұсынады.

ҚР ІІМ ӘПК өз кезегінде  ай сайын ҚР ҚМ МКК Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген барлық көлік құралдары туралы мәлімет береді.

 Мемлекеттік кірістер органдарындағы автокөлік құралдарын кедендік тазарту туралы ақпаратты полицейлер автокөлік құралдарын кедендік тазартусыз, кедендік төлемдер мен салықтарсыз, сол сияқты жалған кедендік құжаттар бойынша есепке қою фактісін болдырмау мақсатында пайдаланады.

Әкімшілік полиция қызметкерлері автокөлік құралдарын есепке қою кезінде кедендік тазарту бойынша ұсынылған құжаттармен ақпараттық жүйені пайдаланып ҚР ҚМ МКК ұсынған ақпаратпен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

Автокөлік құралының иесі немесе оған уәкілетті тұлға ұсынған ҚР ҚМ МКК электрондық ақпаратта кедендік құжаттардың болмаған жағдайда, полиция қызметкерлері ондай автокөлік құралын есепке қоюды жүзеге асырмайды.

Тазартуды растау үшін, аумақтық әкімшілік органдары және мемлекеттік кірістер органдары ресми сұрау салу және жауап жазумен алмасады.

Әкімішілік полиция органдарына ұсынылған кедендік құжаттардың ҚР ҚМ МКК деректер базасында болмау фактісі анықталған жағдайда, өзара әрекет етуге қатысушылар заңнаманы бұзушылықты болдырмау бойынша заңнамамен белгіленген шараларды қолданады, айыпты тұлғаларды анықтайды және оларды жауапкершілікке тартумен айналысады.

 Көлік құралының шанақ нөмірінде, агрегаттар, қозғалтқышта, шасси және басқа сипаттамаларында айырмашылық фактілері анықталған кезде мемлекеттік кірістер және әкімшілік полиция органдары бірлескен тексеру іс-шараларын өткізеді.

Мемлекеттік кірістер және әкімшілік полиция органдарының ақпараттық өзара іс-әрекет етуі заңға құлықты азаматтардың қажетімен шартты өтуін жеңілдететіні және тездететіні, ал заңды бұзушылар үшін тиімді тосқауыл болары анық.

 

 

Осипов Д.А. –СҚО бойынша МКД бас маманы