Жарияланған күні: 07.07.2022 16:05
Өзгертілген күні: 07.07.2022 16:07

Құрметті салық төлеушілер

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 30 сәуір мен 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында электрондық шот-фактуралардың ақпарттық жүйесі негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (және тас көмірді) қадағалау бойынша пилоттық жоба іске қосылғанын хабарлайды.

Барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізушілерге:

  1. электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі esf.gov.kz порталында тіркелу;
  2. электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактураларды esf.gov.kz порталында немесе тауарларды өткізу кезінде (жеке тұлғаларға бөлшек саудада өткізуді қоспағанда) ЭШФ АЖ мобильдік қосымшасында жазып беру;  
  3. ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде, оның ішінде жеке тұлғаларға бөлшек саудада өткізу кезінде бақылау-касса машинасының чегін ұсыну қажет.

 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мыналар жатады:

 

  • ақ қант– құмшекер
  • бірінші сортты бидай ұны
  • бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
  • рожки (өлшеніп салынатын)
  • қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
  • тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
  • картоп
  • сәбіз
  • басты пияз
  • ақ қауданды қырыққабат
  • күнбағыс майы
  • тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілігі)
  • сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
  • майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы сүт
  • майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы айран
  • сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5 %-дан кем емес, толтырғыштар мен өсімдік майлары жоқ)
  • тауық жұмыртқасы (I санатты)
  • ас тұзы
  • сүзбе: майлылығы 5 – 9 %

 

 

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде (ӘҚБтК-нің 280-1, 284-баптары) салық төлеушінің ЭШФ төлемегені үшін 40 АЕК-ке (122 520 теңге) дейін, мерзімін бұза отырып ЭШФ жазып бергені үшін 20 АЕК-ке (61 260 теңге) дейін және бақылау – касса машинасының чегін бермегені үшін шағын кәспкерлік субъектілері үшін 30 АЕК-ке (91 890 теңге) дейін жауапкершілік көзделген.