Жарияланған күні: 12.11.2022 13:35
Өзгертілген күні: 12.11.2022 13:37

Мемлекеттік кірістер комитеті «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері»  атағына 223 МКБ арасында ай сайынғы конкурс шеңберінде 2022 жылдың қазан айында конкурс өткізді.

Конкурс аумақтық МҚҚБ қызметкерлеріне жасырын қоңырау шалу жолымен өткізіледі және бірнеше критерийлерді қамтиды:

  • Жеке деректерді ұсына отырып, салық төлеушінің корпоративтік сәлемдесуі;
  • Қойылған сұраққа толық және дұрыс кеңес беру;
  •  Салық төлеушінің қарсылықтарына, даулы мәселелеріне барабар жауап беру қабілеті.

Бұл конкурс қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің қызмет көрсету нәтижесіне объективті баға алуға бағытталған және мемлекеттік кірістер органдарының көрсетілген қызметтерінің сапасын арттыруға тікелей әскер етеді.

  2022 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкерлері»

Бейсенов Жанат Жанатұлы-Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы.