Жарияланған күні: 13.11.2018 14:51
Өзгертілген күні: 13.11.2018 14:54

     Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабының 1-тармағына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау кезінде шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруге мыналар міндетті екендігін сіздің назарыңызға жеткізеді:

     1) осы Кодекстің 367-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер;

     2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер (тауарларды Алып қою тізбесінен өткізген жағдайда);   

     3) осы Кодекстің 416-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;

     4) осы Кодекстің 415-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор;

     5) импортталған тауарларды сатқан жағдайда салық төлеушілер.

     Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар ерекше болып табылады.

     ЭШФ жазып беру электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.

     Толық ақпаратты келесі мекен-жай бойынша алуға болады:

     - Петропавл қаласында тіркелген салық төлеушілер үшін - Петропавл қ., Мир к-сі, 85 үй, 38 каб. байланыс телефондары: 46-66-84;50-00-64, 46-60-50.

     - облыс аудандарында  тіркелген салық төлеушілер үшін -  аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында.