Жарияланған күні: 07.07.2022 11:33
Өзгертілген күні: 07.07.2022 12:01

Көзбен шолып тексеру – мемлекеттік кірістер органдарына келіп түскен шағымдар бойынша мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының арнайы бейнебақылау құралдарын пайдалана отырып, жабық базарлардың, сауда үйлерінің, дүкендердің, павильондардың аумақтарын тексеруді және (немесе) суретке түсіруді көздейтін мемлекеттік бақылаудың басқа нысаны.

Салық төлеушілерді визуалды тексеру арқылы әкімшілендіру бойынша пилоттық жобада мемлекеттік кірістер органы қалыптастыратын штрих-код (QR код) қолданылады.

 

Пилоттық жоба Қазақстан Республикасында жабық базарлар, сауда үйлері, дүкендер, павильондар аумағында көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылады.

Қазақстан Республикасының аумағында визуалды тексеру арқылы салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда.
Көзбен шолып тексеру салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органының шешімі негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кірістер органының шешімін шығару үшін негіз болып табылады:

• келесі мәселелер бойынша мемлекеттік кірістер органдарына келіп түскен шағымның болуы:
• Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмеу;
• ҚКМ пайдалану тәртібін бұзу;
• төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы;

• алкоголь өнімін өндіру аумағында сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензияның болмауы;

• бұрын жүргізілген визуалды тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймау.