Жарияланған күні: 07.07.2022 11:07
Өзгертілген күні: 07.07.2022 11:09
2021 жылы активтері мен міндеттемелері туралы Декларацияны (250.00-нысан) ұсынған жеке тұлғалар күнтізбелік жыл үшін кірістері мен мүлкі туралы Декларацияны (270.00-нысан) жыл сайын ұсынуға міндетті.
 
«Кірістер мен мүлік туралы декларацияда» келесі мәліметтер көрсетіледі
 
1. Есепті күнтізбелік жылда алынған кірістер;
2. Салықтық шегерімдер;
3. Мүлікті сатып алу және (немесе) есептен шығару фактісі;
4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша;
5. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік;
6. Нотариалды куәландырылған шарт болған кезде дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек. ҚР Екінші деңгейдегі банктеріне қарыздар көрсетілмейді.
 
Маңызды!
 
Декларацияда табыстың келесі түрлері бойынша жеке табыс салығын (ЖТС) көрсету және есептеу қажет:
 
1. мүліктік кіріс;
2. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден алынатын кірістер;
3. салық агентінен алынбаған үй қызметкерлерінің табыстары;
4. салық агенттері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбекшарттары (келісім шарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыскердің кірісі;
5. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісім шарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыскердің табысы;
6. кәсіпқой медиатордың табысын қоспағанда, медиатордың кірісі;
7. жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс.
 
«Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны» ұсыну мерзімі
қағаз тасығышта - 2022 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;
электрондық түрде - 2022 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.