Жарияланған күні: 27.07.2023 21:10
Өзгертілген күні: 27.07.2023 21:11

 

 

 Тауар айналымын ұлғайту және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2023 жылдың
1-жартыжылдығында ЕАЭО елдері арасында бөлінгеннен кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне кедендік төлемдер мен салықтардың көлемі 1,9 трлн. теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артық (1,6 трлн. теңге), оның ішінде импортқа арналған ҚҚС 890 млрд. теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71%-ға өсті (519 млрд. теңге).

Кедендік әкімшілендіру нәтижелері бойынша 2023 жылдың
1-жартыжылдығында 2022 жылдың 1-жартыжылдығына қарағанда кеден заңнамасының бұзушылықтары 38%-ға артық анықталды.

 Анықтама: 2023 жылдың 1-жартыжылдығында – 66,7 млрд теңге, 2022 жылдың 1-жартыжылдығына – 48 млрд теңге.