Жарияланған күні: 09.11.2016 17:06
Өзгертілген күні: 09.11.2016 17:07

Қазан айы үшін барлығы 8246 чектер келіп түсті, қатысушылардың саны – 335 адам; чектер ойынында 7977 дана қатысты.

Компьютер бағдарламасы сандар генераторы арқылы БАҚ және СҚО бойынша кәсіпкерлер палатасының  өкілдерінің қатысыумен қазан айы үшін 3 жеңімпазды анықтады бұлар:

  • Бірінші жеңімпаз Петропавл қ. тұрғыны Виктор Иозасо Чупринскас;
  • Екінші жеңімпаз Петропавл қ. тұрғыны Альбина Советовна Казанбаева;
  • Үшінші жеңімпаз Жамбыл ауданы тұрғыны Айгүл Сарбасқызы Темірова;

Жеңімпаздарға салтанатты түрде бағалы сыйлықтар ұсынылды.

Ең белсеңді қатысушы болған   Жамбыл ауданы тұрғыны Елена Владмировна Шороховаға жұбаныш сыйлығы берілді, ең көп чектерді суретке түсіріп жолдаған (600 чектен артық).

Осы жылдың 1 қазанынан 15 желтоқсан аралығында «Атамекен» ҰКП қолдауымен мемлекеттік кірістер комитеті «Чекті талап ет – сыйлық ұтып ал!» акциясын жүргізетінін еске саламыз.

Акция қатысушылары – акция жүргізу кезеңі ағымында Wipon ұялы қосымшасы арқылы чектің суреттерін акция ұйымдастырушыларына ұсыну жолымен жұмыстар және қызмет көрсетулерін, тауарларды сатып алғанын растаған, Қазақстан Республикасы азаматтары.

Яғни смартфон көмегімен чекті суретке түсіріп, СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне Apple App Store және Google Play Market түсіріп алу үшін қолжетімділігі бар, iOS (iPhone) және Android үшін тегін Wipon ұялы қосымшасы арқылы жолдау.

2016 ж. 1 қазанынан 30 қарашаға дейін чектерді қабылдау.

Акция екі деңгейде жүргізілуде:

Бірінші – облыстық;

Екінші – Комитетпен республикалық деңгейде.

 Ай сайын бірінші деңгейде сыйлықтар ойыны және жеңімпаздарды анықтау (қазан және қараша айлары үшін).

Акция жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау жолымен анықталады (сандар генераторы арқылы компьютерлік бағдарлама). Сол себепті, кімде кім көбірек чектер жолдаса, қатысушылардың сыйлық ұтып алуға мүмкіндіктері артық болады.

Барлық қатысқан чектер бойынша, бірінші деңгейдегі ұтыс чектерінен басқа (облыстық), басты жүлде – автомобиль, соның ішінде бағалы сыйлықтар ойыны, Республика бойынша мемлекеттік кірістер комитетінде ағымдағы жылдың соңында басты финал өтеді.

Сондықтан чекті талап етіп, акцияға қатысып сыйлықтар ұтып алыңыздар!