Жарияланған күні: 27.07.2023 20:54
Өзгертілген күні: 27.07.2023 20:55

 

 Сонымен қатар, ҚХР-мен шекарадағы «CargoAlem» электрондық кезек жүйесінің модулі негізінде ҚХР рұқсаттарының шетелдік бланкілерін (КАТ-тер немесе «рұқсат беру») беру автоматтандырылды, бұл адами факторды алып тастауға және тікелей өткізу пункттерінде шетелдік рұқсат бланкілерін алуға мүмкіндік берді.

Бұл жоба «пилот» режимінде 2024 жылдың наурызына дейін және тек Қытайға тасымалдауға қатысты басталды.

Шетелдік рұқсат бланкі немесе халық айтқандай «рұқсат», бұл тасымалдаушыларға жүктерді шетел мемлекеттердің аумақтары арқылы тасымалдауға мүмкіндік беретін құжат.

Бұрын компанияға осындай бланкаларды алу үшін уәкілетті органға тікелей баруға және жүгінуге тура келетін еді, қазір рұқсаттарды тікелей шекараны кесіп өткен кезде алуға болады. Бұл тасымалдаушыларға уақытты және қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда шетелдік рұқсат бланкілерін беру өткізу пункттерінде
1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі алымды төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Бұрын көтерілген бағамен заңсыз қайта сату фактілері болған, яғни бір бланктің құны 2 мың АҚШ долларына дейін жеткен.

Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап ағымдағы жылдың
26 сәуірінде 21 мыңнан астам шетелдік рұқсат бланкілері берілді.

«Рұқсаттарды» электронды түрде беруді енгізу – Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР ИИДМ Көлік комитетінің бірлескен жобасы.

Осы іс-шараларға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбегенін атап өтеміз.