Жарияланған күні: 29.08.2018 16:49
Өзгертілген күні: 29.08.2018 17:08

 

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілер назарына мынадайларды хабарлайды.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді:

Қазақстан Республикасының Салық кодексі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ Заңы;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI Заңы;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 122-VI Заңы.

Салық кодексі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №99-IV ережесін есепке ала отырып, әзірленген және өзгерістерді қарастырады.

Камералдық бақылау

96-баппен камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша өзгерістер енгізілді:

  • қамералдық бақылау нәтижелерімен анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау ұғымдарыкеңейтілген;

Мыналар:

1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен
жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің)  анықталған бұзушылықтарды:

салық органдарында тіркеу есебіне қою;

анықталған бұзушылықтар жататын салықтық кезең үшін хабарлама бойынша   салықтық есептілікті ұсыну;

салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтару туралы талабы бойынша бұрын бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу, сондай-ақ салық төлеушіге осындай сомаларды аударған күннен бастап әрбір күн үшін осы Кодекстің 104-бабының  4-тармағында көрсетілген мөлшерде өсімпұл төлеу арқылы жоюы;

2) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген
жағдайда – осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына анықталған бұзушылықтар бойынша түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы болып танылады.

Түсінікте:

салық төлеушінің (салық агентінің) түсінікке қол қойған күні;

түсінікті ұсынған адамның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не тұлғаның толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауы;

түсінік ұсынылатын хабарламаның нөмірі мен күні;

түсінікті ұсынған адамның келіспеуіне негіздер және дәлелдемелер болып табылатын мән-жайлар көрсетілуге тиіс.

Егер түсінікте  түсінікті ұсынған адамның келіспеуіне негіз ретінде дәлелдемелерді растау ретінде құжаттар көрсетілетін болса, онда салықтық есептіліктен басқа, түсінікте көрсетілген құжаттардың көшірмелері түсінікке міндетті түрде қоса беріледі. 

Түсінікті ұсыну арқылы хабарламаны орындау шеңберінде өзге де құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

  • тіркелуі (қайта тіркелу) жарамсыз деп танылған салық төлеушілермен мәмілелер бойынша жарамсыз заңды күшіне енген сот шешімі бойынша  түсініктемелер беру туралы  мүмкіндіктер алынып тасталды;

Салық төлеуші түсініктерді камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған мынадай:

      1) мыналар:

      жазып берілуі бойынша әрекетті (әрекеттерді) заңды күшіне енген сот актісімен жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған (жасалған) деп танылған шот-фактураның және (немесе) өзге құжаттың негізінде;

      заңды күшіне енген сот шешімің негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу және қосылған құн салығын есепке жатқызу кезіндегі;

      2) заңды күшіне енген сот шешімінде белгіленген, басшысының және (немесе) құрылтайшысының (қатысушысының) мұндай заңды тұлғаны тіркеуге (қайта тіркеуге) және (немесе) оның қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатысы жоқ салық төлеушімен іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған операциялар бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу кезіндегі;

      3) мыналар:

      заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен және (немесе) дара кәсіпкерлермен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша;

      заңды күшіне енген сот шешімі негізінде қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу кезіндегі бұзушылықтар бойынша ұсынуға құқылы емес.

- хабарлама орындалмаған дептанылғанкезде салық төлеушіге жазбаша шешім беру қарастырылған;

Хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда салық органы жазбаша шешiм шығарады және оны салық төлеушiге мынадай тәсілдерінің бірімен:

      1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жібереді;

      2) оны салық төлеушіге қолын қойдыра отырып табыс етеді;

      3) электрондық тәсілмен веб-қосымшаға немесе "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне жібереді.

- жоғары тұрған органға немесе сотқа шағым беру шағымды қарау нəтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін хабарламаның орындалу мерзімін тоқтатады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағым берілген кезде камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімінің өтуі:

1) жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап – жоғары тұрған салық органының және (немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылғанға дейін;

2) сот шағымды (өтінішті) іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап – сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

Бұл ретте, хабарламаны жіберу бойынша сотқа шағым берілген жағдайларда, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркелуі (қайта тіркелуі) жарамсыз деп танылған салық төлеуші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іс жүзінде алғанын дәлелдеуге құқылы.

 

 

                                                              СҚО бойынша МКД камералдық бақылау басқармасы