Жарияланған күні: 14.11.2022 23:41
Өзгертілген күні: 14.11.2022 23:42

СҚО бойынша МКД Кедендік бақылау басқармасы , Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында, үшінші елдерден, оның ішінде Грузия мен Әзірбайжаннан уақытша әкелінген жеңіл автомашиналарды сатып алу және пайдалану тәртібі туралы ақпаратты мүдделі тұлғаларға жеткізеді.

Қазақстан Республикасында жеке пайдалануға арналған уақытша әкелінген автокөлік құралдарының саны көбеюі байқалуда, сол себептен, машиналарды сатып алушыларға, СҚО бойынша МКД Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелінген автокөлік құралдарын сатып алудың ықтимал қатерлері туралы хабарлайды.

Үшінші елдерде тіркеу есебінде тұрған көлік құралдарын, Қазақстан Республикасына тек осы елдердің азаматтары жеке пайдалануы үшін уақытша әкеле алады. Әкелу кезінде мұндай автомашиналар кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босатылады, өйткені кейіннен кері әкетілуі тиіс

Бұл ретте уақытша әкелу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс және автомашина кедендік төлемдер мен салықтары төленбі, Қазақстан азаматтарының меншігіне немесе билік етуіне және пайдалануына берілмейді.

Уақытша әкелінген көлік құралдарын сенімхат бойынша сатып алуға немесе пайдалануға, сондай-ақ мұндай машиналарды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға тек кедендік тазартудан және тиесілі кедендік баждар мен салықтарды төлегеннен кейін ғана жол беріледі.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасында машиналарды жеке мақсатта уақытша пайдалану мақсатында әкелгеннен кейін, шетелдік тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің басқа түрлерімен кететін тәжірибе қалыптасқан. Негізінен мұндай статистика Грузия мен Әзірбайжан азаматтары арасында байқалады. Бұл уақытша әкелінген автокөлік құралдары қазақстандық тұлғаларға берілді деп пайымдауға негіз береді.

СҚО бойынша МКД Кедендік бақылау басқармасы үшінші елде тіркеу есебінде тұрған автомашинаны сатып алған немесе иелік етуге алған және пайдаланған жағдайда Қазақстан аумағында, қазақстандық сатып алушыда (пайдаланушыда) сатып алынған (билік етуге және пайдалануға алынған) автомашинаны кедендік ресімдеуді жүргізу және кедендік төлемдер мен баждарды төлеу бойынша міндет туындайтынына назар аударады.

Үшінші елдерде тіркелген және Қазақстан Республикасының азаматтары пайдаланатын автомашиналар Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, заңсыз әкелінген автокөлік құралдарын кедендік ресімдеу аяқталғанға дейін кідіртілетін болады.