Жарияланған күні: 14.10.2016 17:41
Өзгертілген күні: 14.10.2016 17:42

Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2016 жылдың 18 қазанынан «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 573 қаулысына сәйкес Фильтрлі 20 (жиырма) сигаретке:1) 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін – екі жүз жетпіс теңге мөлшерінде; 2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жүз теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленгенін туралы хабарлайды.