Жарияланған күні: 14.09.2023 20:13
Өзгертілген күні: 14.09.2023 20:14

Пресс-релиз

2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған декларация немесе бөлшек салық (бұдан әрі – кәсіпкер) негізінде АСР қолданатын ЖК әкімшілендірудің өзге тәртібі бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Әрбір кәсіпкер ерікті негізде пилоттық жобаға қатысатын электрондық сауда алаңында өтініш беру арқылы пилотқа қатыса алады.

Пилоттық жобаға қатысу түзетуді ескере отырып, электрондық сауда алаңдарымен іске асыру құны туралы мәліметтерді ай сайын жіберуді, ҚР ҚМ МКК бюджетке төленуге жататын салық сомаларын есептеуді, пилоттық жобаға қатысатын сатушыларға пуш-хабарламалар жіберуді көздейді.

Бұл кәсіпкерге не береді:

- кірісті есепке алуға және салық есептілігін толтыруға уақытты үнемдеу;

- салықтық тексерулер тәуекелдерін азайту;

- ай сайынғы төлем кезінде біркелкі жүктеме-салықты төлемеу тәуекелін жою;

- қызмет көрсететін банктің қосымшасында ыңғайлы салық төлеу

Пилоттық жоба туралы ақпарат YouTube сайтында сілтеме арқылы қол жетімді https://youtu.be/J_7PULtxZm0, сондай-ақ 1414 телефоны бойынша.