Жарияланған күні: 29.08.2018 17:10
Өзгертілген күні: 29.08.2018 17:16

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге электрондық ақпарат алмасуға  ауысуды және Камералдық бақылаудың хабарламасы бойынша электрондық байланыс арналары арқылы түсініктемелерді ұсынуға көшуге шақырады.

         Бұл ретте электрондық байланыс арналары арқылы түсініктемелерді (салық төлеушінің кабинеті арқылы) ұсыну кезінде қағаз жеткізгіште ұсынылатын түсініктемемен салыстырғанда  бірқатар артықшылықтар бар:

- мемлекеттік кірістер органына келу үшін жұмыс уақытын жұмсаудан арылтады;

- кезектердің, қағаз шығындарының, көлік шығындарының және т.б. болмауы.

Электрондық байланыс арналары арқылы түсініктеме беру ол ҚР ҚМ МКК серверінде сақталғандығын білдіреді және төлеушінің жоғалту / жойып алу ықтималдығы мүмкін емес. Түсіндірмені ұсыну күні оны салық төлеушінің кабинетіне жіберу күні болып табылады. Салық төлеушіде кез-келген уақытта түсініктемелерді қабылдау туралы деректермен түсініктемелерді электронды түрде қарап шығуға және басып шығаруға мүмкіндігі бар.

Электронды түрде түсініктеме беру үшін Сізде электрондық цифрлық қолтаңба (флэшка және т.б.) бар негізгі контейнермен электрондық деректерді жеткізгіштер болу керек, сондай-ақ Интернет жаһандық желісіне рұқсат болу немесе «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы» кабинеті қарастырылған мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну қажет.

 

 

 

                                             СҚО бойынша МКД камералдық бақылау басқармасы