Жарияланған күні: 22.02.2024 15:32
Өзгертілген күні: 22.02.2024 15:36

Бұл режимнің ыңғайлылығы мынада:

 

-ЖК ретінде тіркеу салық органдарына бармай-ақ, e-salyq Виѕіпеѕѕ мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі;

 

- мобильді қосымша алынған кірістердің есебін автоматты түрде жүргізуге мүмкіндік береді;

 

- мобильді қосымша арқылы бақылау-касса машинасының (БКМ) чегін алмастыратын мобильді қосымша чегі беріледі, тиісінше БКМ сатып алудың қажеті жоқ;

 

- мобильді қосымша салықты (табыстың 1% салық ставкасы) және әлеуметтік төлемдерді есептейді;

 

- декларация беру бойынша міндеттемелер жоқ;

 

- мобильді қосымша салық органдарына бармай-ақ кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға мүмкіндік береді;

 

- мобильді қосымша салық режимін таңдауға немесе өзгертуге, салық төлеуге, төлемдерді басқаруға (несиелер, қайтарулар) мүмкіндік береді.

 

Бұл режимді табысы 2024 жылы жалдамалы қызметкерлерсіз қызметтің 33 түрінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыратын 13,0 млн теңгеден (жылына 3 528 АЕК) аспайтын азаматтар (салық кодексінің 686-2-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы) қолдана алады.