Жарияланған күні: 03.07.2023 20:47
Өзгертілген күні: 03.07.2023 20:49

"E-Salyq Business" мобильді қосымшасы - цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге арналған, бұл жаңадан тіркелген кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы.

«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы бірқатар салық рәсімдерін жеңілдетті.

Мобильді қосымшаның функционалы:
- жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге;
- кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге;
- қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге;
- салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуг
- жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге;
- оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 нысан);
- кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндік
береді.

#СҚОМКД #Петропавл #салықтар #кеден #ЖалпығаБірдейДекларациялау #ТІЖ #SalyqBot