Жарияланған күні: 05.07.2022 17:38
Өзгертілген күні: 05.07.2022 17:57

Чектерді беру функционалы - бақылау-касса машинаның баламасы. Оның кірістерді фискализациялауы бар жеңілдетілген нұсқасы. Әрине, бұл сервис тауарлардың көптеген атаулары бар сауда объектілері үшін бақылау-касса машиналарын толығымен алмастыра алмайды. Дегенмен, бірнеше түрі сатылатын шағын дүкендер үшін қолдану әбден мүмкін.

Қазір бұл қызмет жұмыстар мен қызметтер үшін чек қалыптастыруға мүмкіндігін береді, чекті алушыға мысалы, whatsapp арқылы немесе басқа мессенджерлерді пайдалана отырып жолдауға болады.

Берілген чектердің түпнұсқалығы QR-кодпен расталады.
Сонымен бірге, МКК Фискалдық деректер операторларының қызметтерін төлеуден босату бойынша өзекті мәселелердің бірі қосымшаны пайдаланушылары үшін шешті.

Осылайша, чектерді беру модулін пайдалану кәсіпкерлердің белгілі бір санаттарына кассалық аппараттарды сатып алуға, ұстауға және Фискалдық деректер операторларының (Қазақтелеком, Транстелеком, Jusan mobile, Картел) қызметтерін төлеуге арналған шығыстарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Жалпы, мобильді қосымшаның чектері бойынша деректердің болуы кірістер тіркелімін автоматты түрде қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қазір есеп жүйесі жоқ кәсіпкер оны қолмен жүргізуге мәжбүр.

Қосымшаның әрбір берілген чегі бойынша кіріс сомасы кірістер тізілімінде ескеріледі. Бір күндегі, бір айдағы кіріс мөлшерін көруге болады. Кәсіпкерге ыңғайлы болу үшін таңдалған салық режиміне байланысты жалпы салық кезеңі бойынша да кірістер көрсетіледі.

Сонымен қатар, барлық кірістер бойынша қосымшаның чектері қалыптастырылмайтындықтан, кірістер тізілімінде қолмен толықтырулар енгізу мүмкіндігі қарастырылған. Түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпкер бақылау-касса машинаны қоладанады, оған солай ыңғайлы.

Сондықтан бақылау-касса машинанасының чектері бойынша кірістерді, сондай-ақ жеке кәсіпкер шотына қолма-қол ақшасыз аударымдарды және басқа да кірістерді көрсету бөлігінде толықтырулар енгізу мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ тауарлардың арзандауы, үстеме бағасы және т.б. жағдайында түзетулер көзделген.