Жарияланған күні: 05.07.2022 18:07
Өзгертілген күні: 05.07.2022 18:10
«E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар, мысалы:
• салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеу;
• салық берешегін тексеру;
• артық төленген салықтарды есепке жатқызу;
• мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;
• салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);
• жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді жасау;
• жұмыс берушіңіздің жалақыңыздан табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің қанша ұстап қалғанын тексеру;
• мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету орталықтарына баруды онлайн брондау.
 
«e-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болады. Авторизациялау тәсілдері туралы ақпарат мобильді қосымшада бар.