Жарияланған күні: 26.01.2018 10:12
Өзгертілген күні: 26.01.2018 10:18

Дара кәсіпкер ретінде мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге мынадай шарттардың бiрiне сай келетiн жеке тұлғалар жатады:

1) жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланады;

2) жеке кәсiпкерлiктен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерiнен асатын мөлшерде (2018ж.-339408теңге) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық кірісі болады.  (Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 35баптың 2 тармағы).

Кәсіпкерлік Кодексінің 35баптың 3 тармағында аталған тұлғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, санамаланған дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызметіне тыйым салынады.

ДК (бірлескен ДК) ретінде мемлекеттік тіркелу үшін жеке тұлға (бірлескен ДК уәкілетті адамы) тікелей мемлекеттік кіріс органына немесе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарлама ұсынады.

Хабарлама "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда не өзі келіп ұсыну тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылады.

Мемлекеттік кіріс органы бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен ДК) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді.

ДК мемлекеттік тіркеуін өткен кезде салық салудың бір режімін таңдау қажет:

-         Салық салудың жалпы белгіленген тәртібі.

-         Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режімдері.

-         Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі

 Салық заңнамасына сәйкес мерзіміне салықтық есепті ұсынуға және салықтық есептеу және төлеу бойынша кейіннен салықтық міндетті орындау керек.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі бойынша мемлекеттік тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанына назар аударамыз.

 

 

СҚО бойынша МКД бас маманы Рамазанова С.Е.