Жарияланған күні: 09.08.2018 18:28
Өзгертілген күні: 10.08.2018 16:17

Акция мақсаты - тауарды тұтынушы, жұмыс, қызмет көрсету сияқты жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша азаматтарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу, көлеңке экономиканы қысқарту, кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті СҚО бойынша Кәсіпкерлер палатасымен мамыр-маусым  айлары бойынша «Чекті талап ет – сыйлық ұтып ал!» акциясының  бірінші ұтыс ойыны жүргізілді.

Осы мезгілдің ішінде барлығы  15 006  чектер келіп түсті,  ойынында 14 210  дана чектер қатысты.

Компьютер бағдарламасы сандар генераторы арқылы БАҚ және СҚО бойынша кәсіпкерлер палатасының  өкілдерінің қатысыумен мамыр айы үшін 3 жеңімпазды анықтады. Олар Петропавл қаласының тұрғындары:

-  Алтынай Жанбекова;

-  Татьяна Казанцева;

-  Мухамед Шан.

Акция жеңімпаздарына салтанатты түрде бағалы сыйлықтар ұсынылды: «Skarlett SC-HB42F80»- асүйлік процессері ,  «Maxwell  MW-3034 BK» - үтігі   және «Skarlett SС-ЕК 18Р28» -шәйнегі.

 

 

Біз облыс тұрғындарына Акцияға қатысудың  негізгі шарттарын еске салғымыз келеді.

Акция қатысушылары – Қазақстан Республикасы азаматтары болалады.

Тауарды, жұмыстарды немесе қызметтерді  сатып алудын растауы Wipon мобильдік қосымшасы арқылы жіберілген чектің фотосуреті болып табылады. Бұл қосымшаны  Apple App Store немесе Google Play Market-тен түсіріп алуға болады.

Чектерді 2018 ж. 21 мамырдан  30 қарашаға дейін қабылданады.

Акция екі деңгейде жүргізілуде:

Бірінші – облыстық;

Екінші – Республикалық деңгейде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен.

Бірінші деңгейде сыйлықтар ойыны және жеңімпаздарды анықтау ай сайын жүргізіледі (маусымдан бастап қараша айлары үшін).

Акция жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау жолымен анықталады (сандар генераторы арқылы компьютерлік бағдарлама). Яғни, кімде кім көбірек чектер жолдаса, қатысушылардың сыйлық ұтып алуға мүмкіндіктері артық болады.

Гранд-финал ағымдағы жылдың желтоқсанында Астана қ. басты жүлдені тапсыруымен өткізіледі.

Басты жүлде – автомобиль!

 

Неғұрлым чектерін көп  жіберген қатысушы "Ең белсенді салық төлеуші" номинациясымен  атап өтіледі.

Анықтама телефоны: 8 (7152) 50-00-64

 

 СҚО бойынша МКД сайты: www.sko.kgd.gov.kz

 

Чекті талап етіп, акцияға қатысып және сыйлықтар ұтып алаберіңіздер!

 СҚО бойынша МҚД