Жарияланған күні: 16.05.2018 18:23
Өзгертілген күні: 18.05.2018 09:29

 

 

«Чек талап ет-сыйлық ұтып ал!» акциясы қайтадан жіберіледі

 

Хабарландыру!

 

2018 жылғы 21 мамырдан жалпы республикалық «Чек талап ет-сыйлық ұтып ал!» акциясы басталады.

Ол ағымдағы жылдың 30 қарашаға дейін жалғасады.

 

Акцияның негізгі мақсаты құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, салықтық сауаттылықты көтеру, кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.

Акцияға қатысу үшін қажет:

• Тегін мобильдік қосымшаны (Google Play Market, Apple App Store) жүктеу;

• чекті суретке түсіріп жіберу;

• тауарды сатып алу уақыты және күні а.ж. 21 мамырдан бұрын болмауы тиіс;

• чектегі сомасы – 0 жоғары.

Акция жеңімпаздары кездейсоқ таңдау жолымен анықталады.

Акция екі деңгейде өтетін болады:

Бірінші деңгей: Мемлекеттік кірістер департаменттерінің жанында, ай сайын – маусымнан қарашаға дейін- бағалы сыйлықтар тапсырумен үш жеңімпаз анықталады;

Екінші деңгейінде ұтыс ойыны тікелей трансляциялауды ұйымдастырумен Астана қаласы, Жеңіс даңғылы,11) жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, үш жеңімпаз анықталады және қосымша "Ең белсенді салық төлеуші"номинанты (көп чектер жіберген) анықталады.

Екінші  деңгейдегі бас жүлде көлік.

Жүлделерді алу үшін жеңімпаздар салық органдарының қызметкеріне жеке басын куәландыратын құжат және ұтыс чегінің кодын көрсетуі қажет.

Чек  талап етіп, Акцияға қатысыңыз және сыйлықтар ұтып алыңыз!

Толығырақ СҚО бойынша МКД-нің сайтында- www.kgd.gov.kz

Акция шарттары бойынш сұрақтар– 7(7152)50-00-64

Техникалық мәселелер бойынша – 7(7172)73-80-63; E-mail: rs@wiponapp.com

 

«Чек талап ет – сыйлық ұтып ал!» Акциясы бойынша

қосымша ақпарат

Акцияға қатысушылар – Акцияның өтуі кезеңінде Wipon мобильдік қосымшасы арқылы Акцияны ұйымдастырушыларға чектің суретін ұсыну жолымен тауарды, жұмыс және қызметті сатып алуды дәлелденген Қазақстан Республикасының азаматтары.

Чектерді  қабылдау 2018 жылғы 21 мамырдан 30 қарашаға дейін.

Wipon қосымшасы мынадай қызмет түрлерімен жарақтандырылған:

чектің суретін жіберу;

чек бермеу фактісі туралы арыз жіберу;

ұтыс мәртебесі, қатысушының чегін қабылданғаны немесе бас тартуы туралы хабарландыру жүйесі;

жіберілген чектерді көру тарихы.

Чекке қойылатын талаптар:

Чектің суретінде міндетті түрде: ЖСН/БСН, күні, уақыты, қорытынды сомасы анық көрінуі тиіс;

Чекте фискалды белгісі болуы тиіс: чекте ФП, Ф, F, фискалды, фискалды чек деген жазу болуы тиіс;

чектің түпнұсқасын сақтау міндетті емес;

чектегі сома 0 теңгеден астам болуы тиіс;

Wipon қосымшасын жою, барлық алдыңғы чектердің нөлденуіне әкеледі;

бір чекті қайта жіберу есептелмейді;

чекте көрсетілген тауар, жұмыс немесе қызметті сатып алу күні және уақыты 2018 жылғы 21 мамырдан бұрын болмауы тиіс.

Бірінші деңгейдегі ай сайынғы ұтысқа акцияның ережелеріне сәйкес келетін, тиісті тек ағымдағы айда жіберілген (ұтыс ойынына өткен айдың чектері қатысуға құқығы жоқ) чектер қатыса алады.

Ұтыс ойындарының жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады. Осылайша, қаншалықты чекті көп жіберген қатысушысы, соншалықты жүлдені  ұтып алудың мүмкіндігі бар. 

 Чек  талап етіп, Акцияға қатысыңыз және сыйлықтар ұтып алыңыз!

Толығырақ СҚО бойынша МКД-нің сайтында- www.kgd.gov.kz

Акция шарттары бойынш сұрақтар– 7(7152)50-00-64

Техникалық мәселелер бойынша – 7(7172)73-80-63; E-mail: rs@wiponapp.com