Жарияланған күні: 30.03.2018 14:47
Өзгертілген күні: 30.03.2018 15:25

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті хабарлайды, 2018 жылдан бастап бақылау-касса машиналарын пайдалану тәртібі өзгерген. Салық кодексінің 167 бабына сәйкес (2018 жылдың 1 қаңтарына қатысты) 2018 жылдың 1 қаңтарынан модельдерi мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары пайдаланатын жері бойынша салық органдарында есепке қоюға жатады.

Ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары салық органдарында есепке қоюға жатады.

Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында орналастыруға жатады.  (kgd.gov.kz — «Қызмет» тарауы — «Салықтық әкімшілендіру»).

Сонымен қатар, салық органдарында есепке қойылған деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын 2024 жылға дейін пайдалануға болады.

Ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде қызмет атқаратын кәсіпкерлер 2019 жылдың 1 қаңтарынан, ал патентпен жұмыс істейтін барлығы – 2020 жылдан бастап, БКМ пайдалануға тиісті.