Жарияланған күні: 18.08.2023 12:39
Өзгертілген күні: 18.08.2023 12:41

 

Ағымдағы жылдың 16 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Д. Б. Нұрғалиев азаматтарды қабылдады.  Көбінесе адамдар шалғай аудандардан салық салу бөлігіндегі проблемалық мәселелер бойынша кеңес алу үшін немесе қалыптасқан, шешілмейтін жағдайда көмек алу үшін келеді. Бұл жолы шаруа қожалығының жұмысына тоқталды. Азаматтарға толық кеңестер берілді және әңгімеге бейінді басқарма мамандары қатысты.

СҚО бойынша МКД екінші жартыжылдықта азаматтарды қабылдау кестесі СҚО бойынша МКД сайты мен аккаунттарында орналастырылғанын барлық азаматтарға еске саламыз.