Жарияланған күні: 05.01.2024 15:36
Өзгертілген күні: 05.01.2024 16:11

Пресс-релиз

2023 жылғы 3 қаңтар                                                          

Астана қ.

 

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) тек жеке тұлғаларға қызмет көрсеткен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілді. БЖТ қолдану кезеңі 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап егер азамат кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаса, онда ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды (ай сайын 4250 теңге) дербес төлей алады. Бұл медициналық көмек алу үшін медициналық мекемелерге жүгінуге мүмкіндік береді.

МӘМС төлеуден декреттік демалыстағы әйелдер, көп балалы аналар және т.б. босатылады, олар үшін жарналарды мемлекет төлейді. 

Егер азамат кәсіпкерлік қызметті жалғастыра берсе, онда ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өзіне ыңғайлы салық салу режимін – патентті (салық ставкасы 1%), оңайлатылған декларацияны (салық ставкасы 3%), бөлшек салық режимін (салық ставкасы 4%) таңдауы керек.

Салық режимін "E-salyq Business" мобильді қосымшасы арқылы таңдай аласыз, онда салық, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі және төленеді.

Бұл жағдайда әлеуметтік төлемдердің ең төменгі айлық сомасы   17 425 теңгені құрайды (міндетті зейнетақы жарналары – 8500 теңге, әлеуметтік аударымдар – 2975 теңге, МӘМС жарналары – 5950 теңге).