Жарияланған күні: 21.06.2016 09:21
Өзгертілген күні: 21.06.2016 09:22

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 17.06.2016 ж. №КГД-07-3/15114-И   хатына сәйкес, бейрезиденттің жұмысын және қызметін іске асыратын орнын анықтауға қатысты салық төлеушілерден келіп түскен жүгінулерге байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні мәлімет үшін жеткізеді.        

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 241-бабының 1-тармағына сәйкес егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, бейрезидент ұсынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, егер оларды өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып табылса, Қазақстан Республикасы салық төлеушiсiнiң айналымы болып табылады және оларға салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығы салынуға жатады. 

Салық кодексінің 241-бабының 6-тармағымен осы баптың ережелері қолданылмайтын жағдайлар көзделген.

Бұл ретте, бейрезидент ұсынған жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны тек қана бейрезидент үшін ҚҚС-ны есептеу және төлеу мақсатында Салық кодексінің 236-бабына сәйкес анықталатынын атап өтеміз және Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған бейрезиденттердің табысынан табыс салығын есептеген және ұстаған кезде қолданылмайды.

Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған бейрезиденттердің табысынан табыс салығын есептеу және ұстау мақсатында Салық кодексінің 7-бөлімін және Табыс пен мүлікке (капиталға) қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарттар ережелерін (бұдан әрі – Салық конвенциясы) басшылыққа алу қажет.

Сөйтіп, Салық кодексінің 191, 192-баптарына және Салық конвенциясының ережелеріне сәйкес бейрезиденттер орындайтын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстар деп тану Қазақстан Республикасы аумағында бейрезиденттің кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі негізінде жүргізіледі. Қарастырылып отырған жағдайда бейрезиденттің кәсіпкерлік қызметпен айналысуының негізгі өлшемшарты Қазақстан Республикасына қызметкердің немесе осы бейрезиденттің өзге де жолдаған персоналының Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге келісімшарттың талаптарын орындау үшін келуі болып табылады.