Жарияланған күні: 06.11.2017 17:54
Өзгертілген күні: 06.11.2017 17:55

            Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге келесіні хабарлайды.

          Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 қарашадағы № 22-VІ ҚРЗ ратификацияланған 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамасы күшіне енді.

          Келісімнің 12-1 бабына сәйкес Байқоңыр қаласының салық органында тіркелген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға және Қазақстан Республикасының өзге аумағында тіркелген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға арасында жасалатын тауарларды өткізу бойынша айналымдарға (операцияларға) Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстан Республикасының өзге аумағына тауарлар әкетілетін немесе Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлар әкетілетін жағдайда - нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) салынады және акцизделетін тауарларға қатысты акциздер төлеуден босатылады.

          Осындай операцияларды жүзеге асыру кезінде аталған тұлғалардың осы мемлекеттердің аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың шегінен тыс жерлерге экспортталған тауарларға қатысты қолданылатын, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген осыған ұқсас тәртіппен салықтық шегерімдерді (есепке жатқызуларға) жүргізуге құқығы бар.

          ҚҚС-тің нөлдік ставкасын қолдану және (немесе) әкетілетін тауарлар бойынша акциздерді төлеуден босату негізділігі осы баптың 5-тармағында көзделген құжаттармен расталады.

          Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкелу кезінде салық салынуға жатпайтын (салық салудан босатылатын) тауарларды қоспағанда, Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстан Республикасының өзге аумағына тауарлар әкелуге Қазақстан Республикасының салық органдары өндіріп алатын және Қазақстан Республикасының бюджетіне төленетін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша жанама салықтар салынады.Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлар әкелуге Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясының аумағына және оның юрисдикциясында болатын өзге аумаққа әкелу кезінде салық салуға жатпайтын (салық салудан босатылатын) тауарларды қоспағанда, Байқоңыр қаласының салық органы өндіріп алатын Ресей Федерациясының Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша жанама салықтар салынады.

          Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстан Республикасының өзге аумағына (Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына) тауарларды әкелу кезінде тауарлардың бір заңды тұлға шегінде берілуіне байланысты (Тараптардың заңнамасында осындай тауарларды әкелу (әкету) туралы салық органдарын хабардар ету жөнінде міндеттеме белгіленуі мүмкін) жанама салықтар өндіріп алынбайды.

Қазақстан Республикасының өзге аумағына осы тауарларды әкетпей Байқоңыр қаласының аумағында тауарларды өткізу кезінде жанама салықтар Ресей Федерациясының Салық кодексіне сәйкес қолданылады.

         Осылайша, Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлар әкелуге Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Байқоңыр қаласының салық органы өндіріп алатын Ресей Федерациясының Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша жанама салықтар салынады. Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстан Республикасының өзге аумағына тауарлар әкелуге Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша жанама салықтар салынады.

         Сонымен бірге Келісім жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтарды қолдану бойынша 12-2-баппен толықтырылды:

жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтарды өндіріп алу, егер бұл аумақ жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылатын жағдайда Байқоңыр қаласының аумағында немесе Қазақстан Республикасының өзге аумағында жүзеге асырылады.

          Егер Байқоңыр қаласының аумағы жұмыстарды өткізу, қызметтерді көрсету орны болып танылса, онда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салықтық база, жанама салықтардың ставкалары, оларды өндіріп алу тәртібі және салықтық жеңілдіктер (салық салудан босату) Ресей Федерациясының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.

Егер Қазақстан Республикасының өзге аумағы жұмыстарды өткізу, қызметтерді көрсету орны болып танылса, онда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салықтық база, жанама салықтардың ставкалары, оларды өндіріп алу тәртібі және салықтық жеңілдіктер (салық салудан босату) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.