Жарияланған күні: 23.02.2023 22:17
Өзгертілген күні: 23.02.2023 22:19

Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi. Ақшалай есеп айырысулар – қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар. Осылайша, ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде барлық салық төлеушілер БКМ қолдануға міндетті.

Мына тұлғалар БКМ қолданудан босатылған: 1) жеке тұлғалар; 2) жеке сот орындаушылар, адвокаттар мен медиаторлар; 3)уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, халыққа қызмет көрсетіп, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдаушылар; 4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі; 5)қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілер; 6) екінші деңгейдегі банктер; 7) діни бірлестіктері; 8) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, ақшалай есеп айырысулары кезінде Ұлттық пошта операторлары; 9) арнаулы мобильді қосымша («e-Salyq Business» мобильді қосымшасы) арқылы жүргізілетін ақшалай есеп айырысулар бойынша кәсіпкерлер.

#СҚОМКД#салықтар#түсіндерме