Жарияланған күні: 13.12.2022 23:38
Өзгертілген күні: 13.12.2022 23:39

«Азаматтық бақылау - түбіртекті талап ет» акциясы жалғасуда.

Бұл, Акцияға кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен (салық басқармалары) қарастырылатын болады.
Фискалдық түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (жеке табыс салығы шегеріле отырып 1000 теңге) алуға болады. Түбіртек берілмеген немесе төлем карта арқылы төлемді қабылдамағаны анықталған жағдайда, кісіпкерлік обьектінің атауын, адресін және иесінің аты жөнін міндетті түрде көрсету керек.

Кәсіпкер туралы ақпаратты білу үшін (идентификациялау) салып алушы кассаның жанында орналасқан QR-кодты сканерлеуге болады.

#СҚОМКД #салықтар #азаматтықбақылау