Жарияланған күні: 21.09.2023 20:34
Өзгертілген күні: 21.09.2023 20:35

 

     Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 679 бабына сәйкес осы бөлімнің осындай әрбір режимі үшін белгіленген, оны қолдану шарттарына сәйкес болған кезде, арнаулы салық режимін таңдауды ақпараттандырады:

1) жеке тұлғалар – жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін Салық кодексінің 79-бабына сәйкес жіберілетін хабарламада;

2) жаңадан құрылған заңды тұлғалар – тіркеуші органда мемлекеттік тіркеуден кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына ұсынылатын, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада;

3) мыналарға:

салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібінен патент негізінде арнаулы салық режиміне ауысқан кезде – патент құнын есептеуде;

басқа да арнаулы салық режимдеріне ауысқан кезде – уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада жүзеге асырылады.

Егер жаңадан құрылған салық төлеушi осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған тәртiппен арнаулы салық режимiн таңдап алмаған жағдайда осындай салық төлеушi қолданылатын салық салу режимi туралы хабарлама бергенге дейiн салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртiбiн таңдап алды деп танылады.

Жаңадан құрылғанын қоспағанда, салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдану шарттарына сәйкес келген кезде:

1) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбiнен немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiнен – патент негiзiнде;

1-1) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен, патент негізінде, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерінен – арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын;

2) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен, патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерінен – оңайлатылған декларация негізінде;

3) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбiнен, шағын бизнес субъектiлерi үшiн басқа да арнаулы салық режимдерiнен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер үшiн арнаулы салық режимдерiнен – тіркелген шегерім пайдаланылатын;

4) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбінен немесе өзге де арнаулы салық режимiнен – ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшiн;

5) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбінен немесе өзге де арнаулы салық режимiнен – шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн;

6) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен немесе өзге де арнаулы салық режимінен бөлшек салықтың арнаулы салық режимiне ауысуға құқылы.

Бұл бетте, Салық кодексінің 703-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда шаруа немесе фермер қожалықтары қолданылатын барлық салық салу режимі туралы хабарламада қолданылатын барлық салық режимдерін көрсетеді.

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін таңдалған арнаулы салық режимi, осындай салық салу режимi үшін осы бөлімде белгiленген арнаулы салық режимін қолдану шарттарына сәйкес келмеу жағдайларының туындауын қоспағанда, күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертілуге жатпайды.

Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимiнен салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбіне көшкен (ауысқан) кезде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимiне кейіннен көшу жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолданудың күнтiзбелiк бiр жылынан кейін мүмкiн болады.

Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн талаптар туындаған жағдайларда салық төлеушi жалпыға бiрдей белгiленген салық салу тәртібіне немесе өзге де арнаулы салық режимiне көшу үшiн осындай жағдайлар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қолданылатын салық салу режимi туралы хабарлама беруге мiндеттi.

Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны салық төлеушілер тұрған жеріндегі салық органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынады.

Салық органы тиісті арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы бөлiмде белгiленген шарттарға салық төлеушiлердің сәйкес келмеуi фактiсін анықтаған кезде салық төлеушiлердi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.

Камералдық бақылау барысында осындай фактілер анықталған жағдайда салық органдары жалпыға бiрдей белгiленген тәртіпке ауыстырғанға дейін салық төлеушiге Салық кодексінің 114 және 115-баптарында белгiленген мерзімде және тәртіппен Салық кодексінің 10-тарауына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама жолдайды.

Таңдалған арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні:

1) дара кәсіпкер ретінде қызметiн бастағаны туралы хабарламада таңдалған арнаулы салық режимiн көрсеткен жаңадан құрылған жеке кәсіпкерлер үшін – салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою күні;

2) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны осы бапта белгіленген мерзімде ұсынған жаңадан құрылған заңды тұлғалар үшін – тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу күні;

2-1) арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режиміне өтуді жүзеге асыратын тұлғалар үшін – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін таңдау күні;

3) басқа жағдайларда – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынылған айдан кейінгі айдың 1-күні болып табылады.

Осы баптың 8-тармағына сәйкес арнаулы салық режимiне көшкен кезде арнаулы салық режимiн немесе салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртiбін қолдану – салық салудың қолданылатын режимі туралы тиiстi хабарлама берiлген айдың соңғы күнiнен бастап тоқтатылады.

Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде салық төлеушіні арнаулы салық режимінен салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібіне көшіру (ауыстыру) кезінде салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібін қолданудың басталу күні осындай жағдайлар туындаған айдың 1-күні болып табылады.