Жарияланған күні: 01.03.2019 16:36
Өзгертілген күні: 01.03.2019 16:50

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 80 қаулысы

      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-1-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2019 жылға арналған ең төмен бөлшек сауда бағалары литріне 1 923 теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   

   Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев

 

алғашқы ресми жарияланған күні 25.02.2019 ж.,

заңды күшіне енген күні – 8 наурыз 2019ж.