Жарияланған күні: 28.09.2023 21:05
Өзгертілген күні: 28.09.2023 21:06

«Ерекше арақтар ман арақтарға, тауар шығарылған жердің қорғалған атауы бар арақтарға, күшті ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрінің 2023 жылғы 04 шілдедегі № 740 бұйрығына сәйкес, 

2023 ж. 1 шілдеден бастап 2023 ж. 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленді:

     1) арақтар мен ерекше арақтар, тауар шығарылған жердің қорғалған атауы бар арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдары литріне 1 980 теңге мөлшерінде;

     2) коньяк және бренди литріне 2 930 теңге мөлшерінде.

2023 ж. 01 қазанынан бастап ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленді:

1) арақтар мен ерекше арақтар, тауар шығарылған жердің қорғалған атауы бар арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдары литріне 2 100 теңге мөлшерінде;

     2) коньяк және бренди литріне 3 110 теңге мөлшерінде.