Жарияланған күні: 05.07.2022 10:56
Өзгертілген күні: 05.07.2022 10:58

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті меншігінде көлік құралдары бар заңды тұлғаларға ағымдағы жылға көлік құралдарына салықты уақтылы төлеу қажеттігі туралы ескертеді.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 496-бабына сәйкес заңды тұлғалар көлік құралдарын тіркеу орны бойынша салық органдарына көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын (701.00 Н.) ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірмей табыс етеді.

Ағымдағы төлемдер сомасын төлеуді Көлік құралдарын тіркеу орны бойынша, сондай-ақ 5 шілдеден кешіктірмей жүргізеді.
 

Салық міндеттемесі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда салықтың төленбеген сомасына өсімпұл есептеледі.