Жарияланған күні: 06.11.2023 16:30
Өзгертілген күні: 06.11.2023 16:32

 

01.01.2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі енгізіледі, оның шеңберінде «Активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны» (250.00-нысан) заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және (немесе) дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.

Сонымен қатар, Республика бойынша 27 954 ДК әрекетсіз деп танылды, оларға 01.01.2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялау бойынша салық есептілігін ұсыну міндеті жүктелетін болады.

Белсенді емес ДК тексеру үшін Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсына «Электрондық қызметтер» мәзірінде «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөліміне өту қажет.

Осыған байланысты Комитет ДК-нің әрекетсіздер тізімінде болуы туралы екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламаларды іске қосты.

250.00 нысанын беру жөніндегі норманы қолданысқа енгізу мерзіміне дейін 56 күнтізбелік күн қалғанына назар аударамыз.