Жарияланған күні: 31.10.2023 09:57
Өзгертілген күні: 31.10.2023 10:11

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.

2023 жылғы 1 қарашадан бастап «Бидайык» автомобиль өткізу пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) CarGoRuqsat электрондық кезек жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны жүргізу жоспарлануда.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы №504 бұйрығымен бекітілген адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды автомобиль өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасының 7-тармағына сәйкес кезекті электрондық брондау жүйелерін өткізу пункттерінде.

Бұл шекараға көптеген жүк көліктерінің біржолғы келуін болдырмауға мүмкіндік береді, бұл кептелістердің болмауын қамтамасыз етеді және шекараның жедел өтуіне ықпал етеді.

Өз кезегінде, ЕАЭО елдерімен шекарада электрондық кезек жүйесін енгізу өткізу пункттерінде мерзімдік жиналуды болдырмауға және шекарадан өту процесін жүйелеуге мүмкіндік береді.